АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсая-2 шағын ауданында жылу құбыры жарылып, ыстық су ағып кеткен. Сол себепті 7 үйге жылу беру ажыратылған.
«Қазір жылу желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Суды сору екі вакууммен жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары 3 сағатта аяқталады» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.