Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиевтың мәліметіне сүйенсек, атыраулық тұтынушылардан 237 арыз түскен.
Оның ішінде 137 арызданушыға түсіндіру жұмысы жүргізілген.
«Тұтынушылардың 72 арызына жауап беріліп, 2 210 343 теңгесі қайтарылып берілді. Ал, 23 арызда қозғалған мәселе департаменттің қызметіне қатысты болмағандықтан, тиісті органдарға жолданды», -дейді Әлем Уәлиев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 117 тұтынушы тікелей және байланыс телефоны арқылы консультативтік кеңес алған.
Сондай-ақ, e-tutynushy.kz сервистік платформасына түскен 12 арыздың 7-еуінің иесіне түсіндіру жұмысы жүргізілген.
Ал, 5 арыз иесінің талабы қанағаттандырылған.
Еске сала кетелік, Атырауда жыл басынан бері 19 тұтынушыға 1 млн-нан астам теңгесі қайтарылғанын хабарлаған едік.