Оған 90 адам қатысты, балықты олар спиннинг, салма немесе қалтқылы қармақпен аулады. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша (бірінші ауланған балық үшін, ең ірі балық үшін, ең ауыр балық үшін) түрлі жүлделерді иеленді.
«Бұл күн 9 жастағы Шыңғыс Әділхан үшін сәтті болды. Ол үш номинация бойынша да жеңімпаз атанды. Ең жас қатысушы ең ірі және ең ауыр балықты аулады. Сөйтіп Шыңғыс жарыстың үш жүлдесінің екеуін қанжығасына байлады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.