Атырауда абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қаладағы абаттандыру жұмысына қатысты рейдтік іс-шара өткізген.

«Учакелік полиция инспекторлары өздеріне бөлініп берілген аумақты аралауды жандандырды. Оларға жүктелген міндеттің қатарында тұрғындардарға еліміздің заңдылығын сақтау, соған сәйкес жауапкершілікті ескерту мен түсіндіру бар.

Инспекторлар «Учаске» профилактикалық-жедел іс-шарасы кезінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабын бұзғаны үшін (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін) 70-тен астам адамды

жауапкершілікке тартты. Заңдылықты бұзған 50 адамға айыппұл салынып, 20-дан астамына ескерту берілді», - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айымбек Қазбеков.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 55 мәрте ереже

бұзғанын жазған едік.