Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына бытырамен оқ атып, жарақаттаған. Жарақаттанған ер адам - Мақат ауданының тұрғыны. Осы қылмысты жасады деген күдікпен осы ауданның 1973 және 2002 жылғы тұрғындары іздестіріліп жатыр.
Адамды жарақаттау фактісі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелген.
Автор: