Осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желідегі мәліметтерден мәлім болғанындай, Атырау тұрғыны ақтөбелік студент қызды осыдан төрт ай бұрын салт-дәстүр талаптарына сай алып қашқан. Алайда, екі жастың үйлену тойы болмай қалды. Ұрланған қыздың туыстарына қыздарының ұзатылғаны жөніндегі хабардың орнына қаралы хабар жеткен.
«Аталған факт бойынша қазір ҚР ҚК-нің 105 бабы (өзіне-өзі қол салуға мәжбүрлеу) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады Атырау облыстық Ішкі істер департаментінен.