Атырауда аламан бәйге өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жеңіс күніне орай Атырау қаласы Ақтоғай ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы Махамбет ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен 9 мамыр күні өтетін мереке барысында аламан бәйге, көкпар тарту, сондай-ақ қазақ күресі, арқан тартыс, кір тасын көтеру және тағы басқа да спорт түрлерінен бəсекелер өтеді.

Бағдарлама:

11.00-12.00 - Көкпар тарту.

11.00-13.00 -  Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар (қазақ күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру, т.б.

11.00-13.00 - Мерекелік концерттік бағдарлама

11.00-13.00 - 24 шақырымға аламан бәйге.