Атырауда Алашорданың 100 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Алашорданың 100 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Айтысқа 14 ақын қатысты. Олардың арасында республикалық және халықаралық айтыстарда топ жарып жүрген Саадат Нұрманов та бар. Ақындар қоғамдағы кешіліктерді, ауаның ластануын, жөнделмеген жол мәселесі сияқты халықты көкейінде жүрген дүниелерді өлеңмен жеткізе білді»,-деді айтысқа қазылық еткен Өтепберген Әлімгереев.

Сөз сайысында білім тақырыбы ерекше көтеріліп, оқулықтардағы қателіктер мен оқушылардың болашағы туралы көптеген ойлар айтылды.

Бас жүлдені 26 жастағы ақын Әнуарбек Садықов жеңіп алды. Ақындардың барлығы алғыс хаттармен және демеушілер ұсынған сыйлықтармен марапатталды.