«Сотта анықталғандай, айыпталушы А.М. адамдарды жұмысқа орналастыруға, пәтер және жерді тез алып беруді уәде етіп, алаяқтық жолмен 7 жәбірленушінің ақшасын иемденген. Жалпы шығын сомасы 19 600 000 теңгені құрады. Нәтижесінде жәбірленушілер құқық қорғау органына арызбен жүгінген. Сот отырысында сотталушы А.М. кінәсін толық мойындап, процестік келісім жасауға ниет білдірген», - деп хабарлады Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Автор:
А. Соколов