«Күдікті жедел-іздестіру операциясы барысында атыраулық кәсіпкерлерден бірнеше мәрте ақша бопсалау фактілері бойынша ұсталды. Күдікті бұрын сотталған Атырау облысының тумасы. Ол кәсіпкерлердің сеніміне кіріп алып, «қызмет көрсеткені» үшін ақша алып келген», - деді Атырау облыстық МКД баспасөз қызметі.
Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.