«Жас әйел өзінің делдалдық қызметін 1 млн. 550 мың теңгеге бағалаған. Қаражатқа ие болған әйел бірден ізін суытқан. Айта кетейік, бұл соңғы күндері тіркелген жалғыз алаяқтық әрекет емес. Сонымен қатар тағы бір қала тұрғыны шағымданды. Ол алаяқтардың арбауы түсіп, жер учаскесі үшін 650 мың теңге сомасында қаражат төлеген. Алаяқтық жөнінде бірнеше қылмыстық іс тексерілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
17:08, 25 Қаңтар 2013
Атырауда алаяқтар 150 мыңнан 1,5 млн. теңгеге дейін «табады»
АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысының ішкі істер органдары отбасылық жұпқа пәтерді кезексіз алуға көмектесуге уәде еткен 22 жастағы алаяқ әйелді іздестіруде.