Атырауда әлеуметтік желі арқылы әккі ұрыдан жапа шеккен жандар іздестіріліп жатыр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық полицейлер ұрлықпен айналысқан 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан 30-дан астам алтын бұйымдар мен өзге де мүліктер тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшылары тәркіленген бұйымдардың иелерін іздестіру үшінәлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда. Жарияланған фотосуреттің ішінен өзмүліктеріңізді таныған жағдайда «102» операторына және 98-33-02, 98-33-99телефондарына хабрласуларыңыздар«, - деп хабарланды облыстық Полициядепартаментінен.

Тәркіленген заттардың ішінде әртүрлі номиналда жасалған арнайы монеталар,ойын приставкалары, тіпті құрылыс құрал-саймандары да бар.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жыл басынан бері№2 қалалық полиция бөлімінің аумағында 123 ұрлық фактісі ашылған. Барлықтіркелген фактілердің ішінде қайталанып жасалған немесе аса ірі көлемдегішығын келтірілгені үшін 31 факті ұрлық қылмысының ауыр түріне жатады.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған әдісі пластикалық терезелерлі бұзуарқылы жасалған.

Соңғы жаңалықтар