Атырауда әлеуметтік жобалар форумы өтеді
«Кездесу барысында біз «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңына енгізілетін өзгерістерге қатысты ауқымды әңгіме қозғадық. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып қана қоймай, бірқатар ұсыныстар да енгізді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік және мәдени жобалар туралы да келелі әңгіме қозғалды. Бірінші кезекте олар Қазақстанның өзге мемлекеттермен байланыстарын нығайту, мәдениетімізді әлемдік деңгейде насихаттау және тарихта қалдыру сияқты мәселелермен байланысты»,-деді Л.Прокопенко.
Жиында Атырауға сапар барысында қараша айына белгіленіп отырған әлеуметтік жобалар форумына дайындық пен оны өткізуге қатысты мәселелер де сөз болғандығы айтылды. Аталмыш шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы «Рухани Жаңғыру» мен Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында биылғы жылы жүзеге асырылатын барлық әлеуметтік жобалары таныстырылады.