Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, пауэрлифтинг, армреслинг, үстел теннисі, оқ ату, суда жүзу, жеңіл атлетика секілді түрлерінен өткен турнирге 260-тан астам спортшы қатысты.
Турнирдің өтуіне «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсеткен.
«Спорт – денсаулықтың ғана кепілі емес, мықты рух пен қажырлы қайраттың көрінісі. Соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткендер көбейді. Отыз жылда ұлттық спортшыларға көрсетілген нақты қолдаулардың арқасында көк Туымыз әлемдік аламандарда тұрақты желбіреп келеді. Облыста бұқаралық спорт пен дене шынықтыру саласы инфрақұрылымын дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Биыл Атырау спортының абыройы асқақтаған ерекше жыл болды. Токиода өткен Паралимпиадаға 7 атыраулық спортшы қатысты. Парадзюдошылар Әнуар Сариев, Зарина Байбатина мен Теміржан Дәулет ел тарихында алғаш рет күміс жүлдені иеленді» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Турнирге қатысушының бірі Мейірлан Зейноллаев армрестлингпен 5 жылдан бері айналысып келеді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Жанбай ауылында спорт кешені ашылған болатын.