Атырауда алғаш рет түнгі марафон өтеді
Түнгі марафон 7 шілдеде Атырауда Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылады. Жарыстың ұйымдастырушылары айтқандай, іс-шара 13 мамырда өткен "Atyrau Marathone- 2018" жалғасы болады.
«Атырау қаласындағы қалалық марафон жылына бір рет өткізіліп келе жатқандықтан, түнгі марафонды қаланың тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын арттыру үшін өткіземіз. Жыл бойы біздер бұл спорт түрлерін ұмытпау үшін осындай шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірқатар қалаларда, елдерде осыған ұқсас жарыстар өтуде, Атырау да қалыс қалмайды», - дейді "AtyrauMarathone- 2018" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.
Түнгі марафонға қатысудың негізгі шарттары спорттық костюмде жарқыраған элементтердің болуы - шырақтар мен неондар болады. Жүгірушілер үшін қашықтық 5 км болады. Стартта қатысушыларға неон білезіктер беріледі, мәреде медальдар, мерекелік отшашулар мен дискотекалар күтеді.
«Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, мереке болады. Осы күндері бүкіл Қазақстан елорда күнін атап өтеді, түнгі марафон біздің өңірдегі мерекелік іс-шаралар сериясының жалғасы болады және дәстүрлі болады», - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Іс-шараның соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «Ең жарқыраған киімді» таңдайды.Түнгі марафонның өту уақыты: 7 шілде. Жиналу орны: Мұз сарайы. Мәре орны: Атырау облыстық әкімдігі.
Абай Абылайұлы