«Бүгін таңертең облыстық балалар ауруханасына 32 жастағы ана мен оның екіден 13 жасқа дейінгі бес баласы жеткізілді. Олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланған. Улану себебі үйдегі пештің ақаулығынан болған», - деді облыстық ТЖ департаменті.
Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әйел мен бес балаға медициналық көмек көрсетілді, ем қабылдап жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.