Атырауда «Арқанкерген» заставасында қаза тапқан шекарашылардың ата-аналары 3,5 млн. теңге жәрдемақыдан бас тартты

None
АТЫРАУ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда «Арқанкерген» заставасында қызмет еткен шекарашылардың ата-аналары ұлдарының қаза болғандарына әлі де сенбей келеді.

Индер ауданы Индер ауылынан шыққан Мейірхан Именовтің әкесі Сағындық Именов пен Мақат ауданы Доссор ауылынан шыққан Данияр Балғабаевтың әкесі Ғарифолла Қапаров әлі күнге дейін ұлдарының тірі екеніне сенеді. Сол себептен олар шекара заставасында қаза болғандарға төленетін 3,5 млн. теңге жәрдемақыдан бас тартып отыр.