Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан мәлім етті.
«Тайсойған әскери полигонының жері Қазақстан иелігіне қайтарылғаннан бергі 2 жыл ішінде топырақ пен судағы зиянды заттарға зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысында 624 мың гектар жер көлемі экологиялық тұрғыдан таза, әрі ауыл шаруашылығы саласына пайдалануға жарамды екені белгілі болды» -деді Қадыржан Арыстан.
Оның айтуынша, зерттеу қорытындысы жергілікті әкімдікке берілді. Енді бұл жерді ауыл шаруашылығы мақсатында игеру үшін жергілікті шаруаларға беруге болады.