Атырауда әскерилер 50 литр қан тапсырды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Батыс» өңірлік қозбасшылығының әскери қызметкерлері 50 литрге жуық қан тапсырды, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті ауруханалардағы ауыр науқастар үшін қан тапсыруға 100-ден астам әскери қызметкер келді. Олардың басым бөлігі алғаш рет донорлық қан тапсыруға қадам жасады.

«Процедурадан бұрын әр донор қан тобын анықтау үшін алдын-ала зертханалық тексеруден өтті. Сауалнамалар мен дерек құжаттарын толтырып, дәрігерлермен әңгімелесті. Донорлық қан апаттардан зардап шеккендерге, қаладағы ауруханаларда жатқан науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады» -дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының медициналық қызмет офицері, майор Аброр Исаходжаев.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Рүстем Игісіновтің айтуынша, әскери қызметкерлердің бір мезгілде тапсырған қаны 50 литрге жуықтады.


Соңғы жаңалықтар