Байқаулар мен патриоттық әндер концерті, түрлі викториналар осы мейрамға арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ең үлкен концерт мұнайшылардың Мәдениет үйінде өтті, оған көптеген ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Шырқалған әндер мен оқылған сөз маржандарында тек жас елорда ғана емес, барша Қазақстан мадақталды. Астана күні мерекесін тойлауға қала жұртшылығымен бірге көптеген аудандардың халқы да жиналды.