Атырауда ауа райының қолайсыздығынан Каспий теңізінде қалып қойған балықшыларды іздеу операциясы тағы да кейінге қалдырылды
14:45, 12 Қараша 2011
ЫРАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда ауа райының қолайсыздығынан Каспий теңізінде аптаның басында мұз құрсауында қалып қойған балықшыларды іздеу операциясы тағы да кейінге қалдырылды.
Атырау облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің хабарлауынша, тікұшақтың ұшуы ауа райының қолайсыздығына байланысты мүмкін болмай отыр.