Атырауда аурухананың клиникалық-диагностикалық бөлімшесі жұмысын қайта бастады
Мұнайлы өңірде облыстық санаты бар емдеу мекемесінің қатарында №2 аурухана да бар. Аурухана директорының міндетін атқарушы Надя Ерғалиеваның айтуынша, 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бөлімше емделушілерге қызмет көрсетпеген.
«Ауруханадағы клиникалық-диагностикалық бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Қазір емделушілерге қайтадан қызмет көрсетуді бастады. Бөлімшеде инфекционист, эндокринолог, невропатолог, терапевт, аллерголог, хирург консультативтік кеңес береді. Бұдан басқа компьютерлік томография, бактерио-серологиялық зертхана, клиникалық-диагностикалық зертхана, ФГДС, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті бар. Кейбір науқастарға қажет болған жағдайда лабораториялық сараптама жүргізіледі», - дейді Надя Ерғалиева.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі күн қатарынан ешкім коронавирус жұқтырмағанын жазған болатынбыз.