Белгілі болғандай үш адамның сүйегі 10 метр тереңдікте топырақ астынан шыққан.Айта кетсек, бұл жер қорымнан біраз қашықтықта орналасқан.«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының бас мердігері«СинеМидасСтрой» компаниясы өкілдері аталмыш оқиға тіркелген сәттен бастап,карьердегі барлық жұмыстарды тоқтатты. Сондай-ақ, мердігер компанияның басшысыкарьер жұмысын басқа жерге ауыстыруды тапсырды.
Еске салсақ, карьердегіжұмысшылар адам сүйектері табылған сәтте мердігер мекеме «СинеМидасСтрой» басшыларынахабарламастан телефонға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жіберген болатын.
Құрманғазы ауданыәкімі Қайрат Нұртаев карьер басындағы жұмысшылармен әңгімелесіп, аталмыш жағдайкездессе дереу аудан әкімдігіне, «СинеМидасСтрой» компаниясы басшыларына хабарберуді ескертті.