Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындар алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
«Бүгінде біз әуежай бойында орналасқан аяқталмаған моншаға тағы екі қабатты қосуды жоспарлап отырмыз. Қалада шығармашылық орталық ашу керек», - деді Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысының әкімі атап өткендей, кәсіпкерлердің бірі мекеменің құрылысына келісімін берді. Жаңа шығармашылық орталығында түрлі мамандықтар - суретшілер, сәулетшілер, ақындар, мүсіншілер, қолөнершілер және басқа да адамдар жұмыс жасайтын болады. Мұнда ересектер мен балалар өнерге үйретіледі.
Сондай-ақ, өңір басшысы аталмыш нысанның жанында орналасқан киноконцерт залының да құрылысы аяқталып, оның мәртебесі өз қалпында қалатынын айтты.