Акцияның мақсаты - бас бостандығынан айрылған азаматтарды әлеуметтік қолдау, мекеме кітапханасының қорын толықтыру.
Шара барысында Ғ. Сланов атындағы әмбебап кітапхана ұжымы түрлі жанрдағы 500-ден астам кітапты түзету мекемісіне сыйға тартты.Жазасын өтеушілердің арасындағы әдебиетке құштар жандар бұған өз ризашылықтарын білдірді.
Түзету мекемесінде барлығы 6700-ден астам кітап қоры бар.
Айта кетейік, бүгінде колонияда 200-ден астам әйел жазасын өтеуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта оларға ағылшын тілін және компьютер үйрету курстарын өткізу жоспарлануда.