«Облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жүргізген рейд барысында ауданда заңсыз жұмыс істеп келген үш букмекерлік кеңсе анықталды. Оның иесі кеңсені азық-түлік дүкені ретінде тіркеп, ашқан. Алайда негізгі есік жабық болған, ойынханаға келушілер ішке құпия есік арқылы кірген. Тексеру барысында кассирлерден 697 мың 840 теңгені құрайтын түрлі номаиналды ақша, сондай-ақ 16 лотереялық ойын терминалдары, «Crown» маркалы 5 процессор, 5 термопринтер мен сканер, сондай-ақ интернетке кіру үшін модемдер тәркіленді», - деп хабарлайды ІІД-ның баспасөз қызметі.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.