Облыс әкімінің орынбасары Болат Даукеновтың хабарлауынша, жәрмеңкелерді азық-түлікті бюджеттен бөлінген қаражатқа «Атырау» ӘКК-сы өткізеді. Бір келі картоптың бағасы 63 теңгені құрады, сәбіз - 65, пияз - 63, орамжапырақ - 60, қызылша - 63, кілегей майы - 300, қарақұмық - 220, тары жармасы - 75, сұлы жармасы - 108, өсімдік майы - 297, он жұмыртқа - 107, күріш - 120, макарон - 110 теңге.
«Бұл басқа сауда орындары мен базарлардағы саудагерлер бағаларды өсіріп жібермеуі үшін», - деп түсіндірді күнделікті жәрмеңкелердің өткізу себебін Б.Даукенов.