«Қазіргі таңда бүлдіршіннің таңертең үйінен «Бисекті» мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткені белгілі болды. 17.15-те ол лагерден кетіп қалған, бірақ үйіне оралмаған. Бұл туралы полицейлерге кеше кешке, сағат 22.20-да хабарлаған. Қазіргі таңда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары ұйымдастырылуда», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер қандай да бір ақпаратты білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.