АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Коронавирустан балаларды қалай қорғаған жөн? Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров балаларға жоспарлы вакцина салу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметінше, қазір «екінші толқыннан» балаларды сақтандырудың алдын ала шаралары қабылдануда.
«Тұмау, суықтау сынды инфекция түрі күзде, қыста күшейеді. Сондықтан, вакцинация жасалуы керек. Жалпы балалардың алдын ала иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді. Мәселен, ересек адамдарға тұмауға қарсы екпе салынатын болса, балаларға жоспарлы вакцина бар», деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Бұдан бұрын Атырауда емханалар жоспарлы емдеуді бастағанын жазған болатынбыз.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.