Атырауда балаларға арналған медициналық маска шығарылмақ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда былтыр «Доктор Хаус» ЖШС медициналық маскалар шығаруды бастаған еді. Енді балаларға арналған маска шығаруды жоспарлап отыр, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Серіктестіктің бас инженері Мұхтар Махметовтің айтуынша, маска шығару ісіне 20 адам тартылған.

«Бір реттік маскаларды шығаруға тоқыма емес материал қолданылады. Үш қабатты масканы пайдалану мерзімі 2 сағаттан аспайды. Жылына ересектерге арналған 30 миллион медициналық маска шығарамыз. Енді балаларға арналған маскалар шығаруды көздеп отырмыз. Маскаларды еліміздің барлық аймағына жеткізуді жоспарлаудамыз», -дейді Мұхтар Махметов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылғанын хабарлаған едік.