Атырау облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы ІлиясШайхиевтің айтуынша, Нұрсая шағынауданындағы №48 үйдің астынан ашылған велоорталықтыңқұрылысы толықтай аяқталып, алғашқыдаярлық тобына балалар қабылданды. Қазіргі таңда 10-15 жас аралығындағы 30-данастам бала жаттығуларға кірісіп кетті. Ол үшін Талдықорған қаласынан арнайыбілікті жаттықтырушы Ербол Бедербеков шақыртылған.
Оқу-жаттығувелотренажерларда өткізіледі. Бүгінде демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50тренажер сатып алынған.
«Жаңаорталық болашақ Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындап шығатын»чемпиондар шеберханасына« айналатынына сенемін. Қазіргі таңдабалалар үшін қажетті жағдайлар толықтай жасалған», - дейді Спортбасқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.
Айта кету керек,алдағы уақытта Бейбарыс, Құрманғазы, Амандосов көшелерінде жалпы ұзындығы 24шақырымды құрайтын веложол төселеді деп жоспарлануда.