АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда балықшылар Жайық өзеніне батып бара жатқан шетелдік велосипедшіні құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға кеше, 6 желтоқсанда болған. Шетелдік велосипедші Жайық өзенінің үстімен өтіп бара жатқанда мұз ойылып кеткен. Мұны балық аулап жүрген балықшылар байқап қалған. Балықшылардың бірі өзімен бірге алып жүрген арқанмен оны құтқаруға кіріскен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жайық өзенінің үстімен жүру қауіпті екенін ескертіп отыр. Себебі өзен мұзы әлі жұқа, ойылып кетуі қаупі басым.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.