Атырауда балықтар жаппай қырылып жатыр
01:23, 03 Желтоқсан 2018
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін біз судың жағасына шығып қалған балықтардың өлексесін көрдік. Көршілердің айтуына қарағанда, балық үшінші күн қатарынан қырылып жатыр-мыс»,- дейді Алма Әубекерова ҚазАқпарат тілшісіне. Ол бізге оқиғаның суретті мен видеосын ұсынды.
Жергілікті тұрғандар тиісті органға төтенше жағдай туралы хабар берген.