«Атырау облысында жедел шара кезінде жылқы ұрлағандар ұсталды. Күдіктілер Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан малды көлікке тиеп алып кеткен. Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді Индер ауданынан ұстады. Ұрланған 8 жылқының 3-еуін полицейлер мал сою орнынан тауып, тәркіледі. Бүгінде 3 жәбірленуші өздеріне келтірілген шығып мөлшерін 4 млн теңгеге бағалап отыр», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған 19 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес хаттама толтырылды.