Атырауда «Бекiре» шарасының бірінші күнінде 5,5 тонна балық тәркіленді
19:49, 10 Сәуір 2012
АТЫРАУ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысында басталған «Бекіре» кең көлемді шарасының бірінші күнінде су полициясының қызметкерлері 5 тонна 591 келі балықты тәркіледі.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, рейд кезінде табиғатты қорғау прокуратурасымен бірігіп, Махамбет ауданында Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Қасақылардан қолдан жасалған қайық, 100 метрлік ау, 100 қапқа салынған балық тәркіленді. Алынған балықтың салмағы 5 тонна 591 келіні құрады. Браконьерлер ІІД-нің уақытша қамау абақтысына жабылды.