Атырауда бекірені заңсыз аулаған қылмыстық топ ұсталды
«Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Атырау қаласында облыс орталығының және Исатай ауданының тұрғындарынан құралған қылмыстық топты ұстады. Олар Каспий теңізі жағалауында бекіре балықтарын заңсыз аулаумен, оны сақтап, Атырау қаласы аумағында сатумен айналысқан», - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, өткен жылдан бері Атырау облыстық ІІД қызметкерлері аталған топтың бекіре балығын сатуының бірнеше фактісін тіркеген.
«16 қаңтар күні осы істің фигуранттарының тұрып жатқан жерлерін тінту барысында 1,2 келі уылдырық, 13 бекіре балығы, цифрлық таразы тәркіленді. Сол күні қылмыстық топтың басшысы мен үш қатысушысының үстінен ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасап, оған қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Барлық тұлғалар тұтқынға алынды», - деді Алмас Садубаев.