Беларусьтен келген дәрігерлер, атап айтқанда акушерлер мен неонатологтар күні жетпей туылған балаларға жасалатын күтім әдістері, бала ауруының алдын алуға бағытталған диагностика жайында шеберлік сабақтарын өткізді.
Айта кетейік, Қазақстанға келген бір топ дәрігерлердің қаражатын «ЭксонМобил» компаниясы көтерген. Беларусь - әлемдік деңгейге дейін ана мен бала өлім көрсеткіштерін төмендете білген ТМД-дағы ең алғашқы мемлекет. Алдағы уақытта да Беларусьтің басқа да мамандары атыраулық дәрігерлермен тәжірибе алмасады деп жоспарланып отыр.