Атырау облыстық кардиология орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның айтуынша, осы кезге дейін үш адамға жасанды жүрек трансплантациясы жасалған.
«Оның екеуі – Атырау қаласының тұрғыны, біреуі Жылыой ауданында тұрады. Үшеуі де кардиология орталығы мамандарының бақылауына алынды. Қазір облыста жүрек трансплантациясын күту парағында бес адам бар. Олар – жасанды сол жақ қарыншасы мен ауыр жүрек дертіне ұшыраған адамдар. Жүрекке отаның қажеттілігін мәлім еткен адамдарды ғана айтып отырмын. Шын мәнінде жүрек трансплантациясына мұқтаж адамдар көп болуы мүмкін» - дейді Сандуғаш Жұмағалиева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға күрделі ота жасалғанын хабарлаған едік.