Қала әкімінің айтуынша, қазір Атырау мемлекеттік университеті маңындағы Жайық өзенінің «банан жағалауынан» саябақ салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде.
Саябақ ауданы - 6,5 гектар, аумағына 3,1 гектар жасыл желек отырғызылады, арша, бөртегүл егіледі.
Саябақ аумағында биіктігі 55 метр шолу дөңгелегі, әткеншек, балалар ойын алаңы, скейтборлинг, ұзындығы 300 метр жаяу жүргіншілер субұрқағы, шағын футбол алаңы, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары болады.
«Мұндай саябақ бұрыннан қажет еді. Облыс басшысының тапсырмасымен тұрғындардан ұсыныстар жинап, ең тиімді нұсқаны таңдап алдық», - деді Серік Шапкенов.
Қала әкімі саябақ құрылысы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жарналары есебінен жүргізілетінін айтты.