Клиниканың жетекшісі, тәжірибелі невролог дәрігер, ерекше баланың анасы Лаура Исаева былтыр «Әлеуметтік бағдарламалар мен инновация» қоры жүзеге асыратын «Жарқыра» бағдарламасынан пайызсыз несие алған. Сол қаржыға құрал-жабдық сатып алып, биоакустикалық ми түзету кабинетін ашқан.
Лаура Исаеваның айтуынша, мұнда аутизм, психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, сал дертіне, Даун синдромына шалдыққан, нейросенсорлық кереңдігі бар, эписиндром, сондай-ақ, басқа да неврологиялық аурулары бар балаларға ем жүргізу көзделіп отыр. Ем екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі – орталық жүйке жүйесінің қызметін дәрі-дәрмексіз қалпына келтіретін биоакустикалық ми түзету. Екіншісі– орталық жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке жүйесін аппарат арқылы емдейтін транскраниалды және трансвертеребральды микрополяризация.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының әкімі балалар үйіндегі сәбилердің тұсауын кескенін хабарлаған едік.