Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурызда мобильдік топ мүшелері рейд кезінде Атырау қаласында бірнеше мейрамхананың карантин талабын бұзғанын анықтаған.
«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Chechil Pub», «Vokzal», «Пинта» мейрамханаларында 50-ден астам адам болған. Еркінқала ауылындағы «Шәріп», Жұмыскер елді мекеніндегі «Атырау Холл» мейрамханаларында, сондай-ақ, Алмалы ауылындағы үйлердің бірінде той өтіп жатқаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үш күнде 20-ға жуық мекеме карантин талабын бұзғанын жазған жазған болатынбыз.