Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жүгінген. Оның төртеуі жол-көлік оқиғасынан жарақат алған.
«Қалғаны жолда құлағаннан жарақаттанған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көктайғақтан 40 адам зардап шеккенін
хабарлаған болатынбыз.