Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 21 сәуірден 14 мамырға дейінгі аралықта Баймұханов көшесінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады. 21 сәуірден бастап 14 мамыр таңғы сағат 08:00-ге дейінгі мерзімде Мечников - Баймұханов автокөлік көпірінен бастап, Баймұханов - Б.Аманшин көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта жолдар жабылады.
Сол себепті, №2 «Балықшы кенті - Темір жол вокзалы», №14 «Авангард ықшам ауданы - Темір жол вокзалы», №15«Сарықамыс ықшам ауданы - Мұнайшы ықшам ауданы», №21 «СМП-163 ауданы - Ескі әуежай» аралықтарына қатынайтын қалалық қоғамдық көліктер А.Грибоедов көшесі арқылы жүреді.
Абай АҚМҰРЗИЕВ