«Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Н.Сайлауоваға, облыстық білім беру басқармасының басшысы К.Кенжеғалиевке және оның орынбасары Р.Қабдуловаға, «Н.Тлендиев атындағы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар кіші өнер академиясы» ММ-нің бас есепшісі Н.Мажитоваға, «Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы» ҚМҚК-нің басшысы Г.Кабекеновке және ҚМҚК-нің бас есепшісі К.Иманғазиеваға, «Геолог Қазақстан» сауықтыру пансионаты ҚМҚК-нің бас есепшісі К.Жамеловаға және оның оның көмекшісі Б.Забеновке қатысты тергеу аяқталды», - делінген хабарламада
Олар бюджеттен бөлінген 118 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ тауарларды жеткізу келісімшарттарын жасауға, аттестаттан өтуге және ҰБТ тапсыруға жәрдемдескені, ақшалай сыйақымен көтермеленетін үміткерлердің тізіміне еңгізгені үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
2020 жылдың 06 ақпанында Атырау қалалық №2 сотымен сотталды:
- Н.Сайлауова бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ «Құрмет» Ордені мемлекеттік наградасынан айыруға ұсыныс енгізілді.
- К.Кенжеғалиев бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
- Р.Кабдулова бюджет қаржысын жымқырғаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Н.Мажитова бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Г.Қабикенов бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
- К.Имангазиева, К.Жалелова, Б.Забенов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу.
Барлық сотталушы тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.