Асқар Құлыбаевтың сыйлығы үшін өтіп жатқан турнирге Қазақстаннан бөлек, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен барлығы 100-ден астам спортшы қатысуда.
Оның ашылу салтанатына Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет қатысты.
Шараның ашылу рәсіміне қатысқан белгілі спортшы Қайрат Ералиев кез келген боксшы үшін мұндай деңгейдегі турнирге қатысу тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік екенін атап өтті.
Жарыс 2018 жылғы 5 шілдеге дейін жалғасады.