«Арнайы заңнамаға сәйкес алкогольді ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған. Ішімдік өнімдерін сату заңдылығының сақталуына рейд жүргізген полиция қызметкерлері түнгі сағат 22:30 шамасында Атырау қаласындағы Құлманов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде сатушының 21 жасқа толмаған бозбалаға 3 бөтелке сыра өнімін сатқанын анықтады. Дүкенші сыра сатып алушының жасы 21-ге толған-толмағанын білу үшін құжатын сұрамаған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 81 676 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, алкоголь өнімін сатуға берілген лицензияның қолданылуы 1 (бір) ай мерзімге тоқтатылды.