«Рыбник» бау-бақша қоғамындағы «Бекіре» операциясы барысында Курилкино ауылында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының инспекторы рульде болған «Хюндай Акцент» маркалы көлік ұсталды.
Тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 20 келі бекіре тұқымдас балық салынған полиэтилен пакет табылды. Факті ҚР ҚК 339-бабы бойынша Бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.