Анықталғандай, қылмыстық топтың құрамында балық инспекциясының қызметкерлері мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары болған.
«Балық аулау кооперативінің жұмысшыларынан, балық инспекциясының қызметкерлері мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-ның инспекторларынан құралған қылмыстық топ құрықталды. Олар қарабалықтарды заңсыз аулаумен және оны елден шығарумен айналысқан. Қылмыстық топ түгелдей сот алдында жауап берді. Аталған факті бойынша 56 тұлға сотталды, оның 47-сі - балықшы, 5 - қабылдаушы, 4 - лауазымды тұлға», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Мәлім болғандай, айыпталушыларға 8-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.