Еске сала кетейік, 1987 және 1988 жылы туған екі ер адам Қызыл кітапқа енген жүзге жуық бекіремен ұсталған болатын. Облыс прокуроры Х. Дәуешовтің нұсқауымен осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») 4-бөлігімен тіркелді. Баптың төртінші бөлігіне сәйкес, екеуі де бес жылға сотталуы мүмкін еді. Бірақ сот прокурордың талабын қанағаттандырмады.
«Сот екі жігіттің тұрақты тіркеуде тұратынын, үйінде кәрі ата-аналары мен жас балалары бар екенін ескере отырып, оларды түрмеге жаппай, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға шешім қабылдады», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Автор: А. Соколов