Күрмеуі күрделі мәселемен күрес бойынша облыс әкімдігінде өткен кеңесте ұсыныс жасалды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жиын барысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпанов букмекерлік кеңселерді түгелімен Қапшағайға көшіру туралы ұсыныс айтты.
Оның айтуынша, қазір облыста 37 спорттық нысан бар. Олардың 18-і спорттық кешен, 11-і дене шынықтыру мектебі және 8-і спорттық клубтар. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 41 букмекерлік кеңсе жұмыс жасайды екен.
«2007 жылы Елбасының жарлығымен казинолар жабылып, Қапшағайға және Бурабайға көшірілді. Сол тәжірибе негізінде облыстағы букмекерлік орталықтарды да жабуға немесе алыс өңірлерге орналастыруға Парламент Мәжілісіне, Үкіметке облыс жастарының ұсынысын жеткізгім келеді», - деді Е.Шпанов.
Ердос Қасым